Кеше Хан Шатыр маңындағы көпқабатты үй отқа оранған еді
22 маусым күні елордада көпқабатты үй жанып, жалын үш сағатта сөндірілді. Ал бүгін қала басшысы Жеңіс Қасымбек төтенше жағдай болған үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Rixos Khan Shatyr Residences»ТК зардап шеккен пәтерлерінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз. Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қалалық ТЖД анықтайды, – деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парағында.
Кеше Астанадағы көпқабатты үйден шыққан оттың үш сағатта сөндірілгені жайлы хабарлаған болатынбыз.