Halyq Uni логотип
×

Помпейде вандализм жасаған қазақстандық турист ұсталды

Ол аса қорғалатын көне ескерткіштің бір тасына өз есімін қашап жазған

 Қымбат Елтайқызы 23.06.2024 | 15:04
Помпейде вандализм жасаған қазақстандық турист ұсталды
фото: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura

Помпей археологиялық саябағындағы Цейлер үйінің қабырғасына ALI деген сөзді жазған қазақстандық турист құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері сенбі күні таңертең Қазақстаннан барған турист ер адамды ұстады, деп мәлімдеді euronews.com басылымы. Музейдің пиар-кеңсесінің мәліметінше, болған оқиға туралы саябақтың жанында орналасқан стационарлық карабинер постына айтылғаннан кейін тәртіп бұзушы құрықталған. Енді ол сәулет ескерткішіне келтірілген залалдың орнын толтыруы керек. Залалдың нақты сомасы техникалық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

Археологиялық саябақ сайтындағы ақпаратқа сай, 1913-1914 жылдары қазылған Цейлер үйі соңғы самнит дәуіріндегі (б.д.д. II ғасыр) көне тұрғын үйдің сирек кездесетін үлгілерінің бірі саналады.

Қазақстандықтар Грекиядағы аралды өртеп жіберді. «Қазақстанның туристік әлеуетін 30 жыл мақтағанымыз жетеді». Ғалым туризм неге құрдымға кеткенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама