×

«Әрдайым абырой биігінде болыңыздар». Тоқаев полицейлерге үндеу жасады

Бүгін – Полиция күні

 Қымбат Елтайқызы 23.06.2024 | 13:00
фото: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесі – Полиция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер. Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды», – деді Президент Ақорда сайтында.

Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін. Әрдайым абырой биігінде болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!, – деп толықтырды Мемлекет басшысы.

ІІМ-де қаза тапқан тәртіп сақшысының отбасына автокөлік табыс етілді (ВИДЕО). Курсанттан генералға дейін: Алматыда алғаш рет полицейдің өмірі туралы мюзикл сахналанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама