Тұрғын өзі көмекке шақырған
Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оқиға Абай облысының Курчатов қаласында орын алды. Өрт сөндірушілер Жанғазы Жұмағазин мен Әділет Оспанов қалалық жағажай аумағында жаяу патрульдеу жүргізу кезінде көмек сұраған дауысты естіген. Құтқарушылар дереу көмекке келіп, 1976 жылы туған тұрғынды суға батып кетуден құтқарып қалған.
Құтқарылған әйелдің жағдайы тұрақты. Оған медициналық көмек қажет болмады, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Шомылу маусымы басталғалы бері 13 адам құтқарылды. Демалыс маусымы: Суға шомылудың қауіпсіздік ережелері қандай.