Сіздерге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген, деді ол
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын!, – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter аккаунтында.
23 маусым елімізде Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтеді. 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бұл күн халықаралық мереке мәртебесіне ие болды. Ал Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні 2013 жылы бекітіліп, 2014 жылы аталып өте бастады.
Мемлекеттік қызмет – Конституциялық негізде жүзеге асырылатын, өз өкілдеріне мемлекеттік басқаруды іске асыруға және республикамыздың өркендеуіне жауапкершілік беретін кәсіби қызметтің ерекше түрі.
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көтерілуі мүмкін. Мемлекеттік қызметкерлер жаңа әдіспен іріктелетін болды.