×

Павлодар облысында көлік өртеніп кетті

Оқиға бүгін таңертең болған

 Қымбат Елтайқызы 22.06.2024 | 15:10
фото: ТЖМ

Павлодар облысында жеңіл автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін таңертең Екібастұз қаласына жақын «Қызылорда-Павлодар» автожолында жеңіл көлік жанып кетті. ТЖМ күштері шақырту түскен сәттен бастап 32 минут ішінде жалынды жойды. Зардап шеккендер жоқ, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 номеріне хабарласыңыз!, – деп еске салды ведомство.

Қарағанды облысында қоқыс полигоны өртенді (ВИДЕО). Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама