Жалын аумағы 1000 шаршы метрге жетті
Қарағанды облысында қоқыс полигоны отқа оранды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Осы минуттарда ТЖМ қызметкерлері Қарағанды облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында басталған өртті сөндіріп жатыр. Жалын Бухар Жырау ауданының Дөскей ауылынан 4 км қашықтықта тіркелді», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Шамамен 1000 шаршы метр алаңдағы от оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ, – деп толықтырды ведомство.
Министрлік біраз уақыт өткеннен кейін «өрт толығымен жойылды» деген ақпарат таратты.
Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті. Биыл Атырау облысында от салдарынан 11 адам қаза тапқан.