×

Павлодарда жыл басынан бері алимент бойынша 415 млн теңге қарыздар өтелді

Борышкерлердің 33-нің жүргізуші куәлігі тоқтатылды

 Динара Амантай 21.06.2024 | 17:55
Коллаж: egemen.kz

Павлодар облысында жыл басынан бері алимент бойынша 415 млн теңге қарыздар өтелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бос орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылып, соның нәтижесінде 68 борышкер жұмысқа орналастырылған, ал 240 борышкерге жұмыспен қамту органдарында есепке қою туралы хабарламалар жіберілді.

Сондай-ақ алименттен жалтарғандардың 33-нің жүргізуші куәлігі тоқтатылды.

Алименттен жалтарған борышкерлерге тиесілі көліктерді табу және ұстау бойынша бірлескен рейдтер барысында олардың 6 көлігі анықталып, айыппұл тұрағына қойылды. Олар бойынша 5 млн теңгеге борыштары өтелді. 10 млн теңгенің 5 жылжымайтын мүлкі өндіріп алушыларға қарыздарды өтеу есебіне берілді.

Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 180 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 жылға дейінгі мерзімге шектеу не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 58 ұсыныс жіберіліп, 18 борышкер сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама