Бизнес иелері 410 колледжге жан-жақты қолдау көрсетті
Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі 518 кәсіпорынның 410 колледж жұмысы мен қызментіне жан-жақты қолдау көрсеткенін хабарлады.
Қазір кәсіпорындар қамқоршылық кеңестер мен салалық кеңестер арқылы колледждерге қамқорлық жасап, басқаруға қатысып келеді.
Бүгінде 104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждер кәсіпорындардың қолдауымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты.
Биыл мақсатты тапсырыс бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тағы 10 мың студент қабылданады, - деді министрліктің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Сонымен қатар, дуальды оқытуды өңірлерде тарату жалғасуда. Биыл еліміздегі 9 мың кәсіпорында дуальды оқыту аясында 91 мыңнан астам колледж студенті өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.