×

Кәсіпорындар 10 мың студентті жұмысқа алады

Бизнес иелері 410 колледжге жан-жақты қолдау көрсетті

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2024 | 16:54
Фото: gov.kz/ Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі 518 кәсіпорынның 410 колледж жұмысы мен қызментіне жан-жақты қолдау көрсеткенін хабарлады.

Қазір кәсіпорындар қамқоршылық кеңестер мен салалық кеңестер арқылы колледждерге қамқорлық жасап, басқаруға қатысып келеді.

Бүгінде 104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждер кәсіпорындардың қолдауымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты.

Биыл мақсатты тапсырыс бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тағы 10 мың студент қабылданады, - деді министрліктің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Сонымен қатар, дуальды оқытуды өңірлерде тарату жалғасуда. Биыл еліміздегі 9 мың кәсіпорында дуальды оқыту аясында 91 мыңнан астам колледж студенті өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама