Қайғылы оқиға кеше түнде болған
Елордада бала күтуші 2 жасар бүлдіршінді өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақпаратты Астана қаласының полиция департементі растады.
Қайғылы оқиға 20 маусымда түнде болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.