1970 жылы туған ер адам ажалдан аман қалды
Абай облысындағы Бородулиха ауылында шаруашылық құрылыстары мен жеңіл автокөлік өртеніп, ол жер үйге тарап кетті. Осы кезде өртті сөндіруге жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 1970 жылы туған ер адамды ажалдан сақтап қалды.
Үйдегі өрттен 27 литрден тұратын 2 газ баллоны шығарылды.
Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданындағы мейрамхананың қоймасы да өртеніп, жалын 30 шаршы метрді алып кетті.
Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, 27 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Түнде Ақтөбе облысында екі өрт болды. Хромтау ауданында «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 794-шақырымында дәрі-дәрмек тиеген жүк көлігі өртеніп кетті.
Құтқарушылар 1991 жылы туған көлік жүргізушісін құтқарып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырды.
Облыс орталығындағы Астана ауданында жер үйдің гаражы жанып, өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15 минутта ауыздықтады.
Тараз қаласында өрт сөндірушілер металлургия зауытындағы жоғары вольтты трансформатордан шыққан өртті сөндірді. Бұл жерде де ешкім өрттен зардап шеккен жоқ.