Қазақстанда азық-түлік қоры жеткілікті ме?
Елдегі жаппай митингтен кейін осындай сауал туындайды
Қазақстанда елді мекендерге азық-түлікті үзіліссіз жеткізу қамтамасыз етілген.
Негізгі азық-түлік қоры елімізде жеткілікті. Қазір Сауда министрлігі өңірлердің әкімдіктері мен сауда объектілерімен бірлесіп, азық-түлік тауарларын елді мекендерге үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз етуде. Көптеген өңірде сауда объектілерінің жұмысы елді мекендердің ішінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген кесте бойынша штаттық режимде жалғасып жатыр. Бірқатар объектіде банктік төлемдер төлем жүйелері арқылы қабылдануда, – дейді Сауда және интеграция министрлігі.
Бірқатар елді мекенде мародерлік әрекеттер салдарынан зардап шеккен кейбір сауда объектілерінің жұмысы тоқтап тұр. Сондай-ақ террорға қарсы операциялардың іс-қимылдары белсенді жүріп жатқан орындарда жеке сауда объектілері әлі күнге дейін жабық.
Сауда министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі негізгі тағам тауарларына, дәрі-дәрмек құралдары мен жанар-жағармайға бағалық алып-сатарлық пен жасанды дүрлікпе жасамауға шақырады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі күн сайын азық-түлік бағасына мониторинг жүргізеді. Мұндай фактілерді анықтау және оларға жол бермеу мақсатында хабарларды қабылдау үшін жедел желі құрылған. Нұр-Сұлтанда (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 (қоңыраулар астана уақыты бойынша сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін), мобильді нөмірлер 8-705-231-24-23, 8-776-458-88-85. 8-708-883-02-62, 8-701-369-61-28 (елорда уақыты бойынша сағат 22-00-ге дейін қабылданады).