×

Ереже бұзған 400-дей түлектің ҰБТ нәтижеcі жойылды

Талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинаған

 Еркеғали Болатұлы 21.06.2024 | 15:33
фото: Новости Казахстана

Мамандар Қазақстанда қанша талапкердің ҰБТ тапсырғанын, қанша түлектің тест нәтижесі жойылғанын айтты. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Орталық мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинап отыр.

Түлектердің орташа балы – 68, ал әзірге республика бойынша ең жоғары балл – 138. Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.

Орталық өкілдері ереже бұзғаны үшін 396 адамның нәтижелері жойылғанын мәлім етті.

Атап айтқанда:

  • смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды;
  • бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды;
  • бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18 пайызы «Математика-Физика», 16 пайызы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. Түлектердің 15 пайызы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама