2008 және 2006 жылы туған жасөсіпімдер ата-анасымен демалып жүрген
Қостанай облысында өзенге батып кеткен екінші қыздың денесі өлі табылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, оқиға Варваринка ауылындағы Аят өзенінің маңында болған. 2008 және 2006 жылы туған жасөсіпімдер ата-анасымен демалып жүрген.
Кеше құтқарушылар бір қыздың денесін алып шыққан еді. Ал екінші қызды іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатқан болатын.