Су тасқыны: 4 мың адам әлі эвакуациялық пунктерде тұрып жатыр
98 үй су астында тұр
Тасқын салдарынан шамамен 4 мың адам әлі эвакуациялық пунктерде тұруға мәжбүр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған су тасқынынан экономикаға, инфрақұрылымға залал келген.
120 мыңнан аса адам эвакуацияланды, 67 570 адам өз үйіне оралды. Бүгінде 3 952 адам – эвакуациялық пунктерде. 12 мың тұрғын үй мен 20 мың саяжайды су басты. 98 үй әлі су астында, - деді Олжас Бектенов Парламенттің бірлескен отырысында.