Бұл елде халық көп баратын 5 музей бар
Былтыр Өзбекстанда музейлерге 5,7 млн адам барған. Осы елдің Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, бұл көрсеткіш – 2022 жылмен салыстырғанда, 800 мыңға аз.
Өзбекстанда халық көп баратын 5 музей бар. Регистан ансамбліне 1 млн 10 мың 800 адам барса, Самарқанд мемлекеттік мұражай-қорығын 1 млн 6 мың 600 адам аралаған.
«Жеңіс саябағы» мемориалдық кешені құрамындағы Мемлекеттік Даңқ музейімен 648 500 адам танысса, Хива Ичан-Қала мемлекеттік мұражай-қорығы 448 400 адамды қызықтырған. Ал Бұхара мемлекеттік мұражай-қорығын 390,3 мың адам тағы да барып көрген, – делінген хабарламада.
Агенттіктің хабарлауынша, биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстандағы музейлер саны 140-қа жеткен. Оларда 2020 жылы 1,5 млн, 2021 жылы 5,1 млн, 2022 жылы 6,5 млн адам болған.