×

Қазақстандықтардың қандай күйде болғанын жақсы түсінемін – министр Құрбан айт туралы

Мереке күндері туралы мәлімет мемлекеттік органдардан алдын ала алынады

 Дәурен Ерболат 21.06.2024 | 11:11
фото: kazpravda.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың Құрбан айтта неге демалмағанын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мен қазақстандықтардың қандай күйде болғанын жақсы түсінемін. Жыл соңында біз мереке күндерін анықтау үшін барлық мемлекеттік органнан (тиісті ақпаратты) сұратамыз. Оның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да бар. Олар бізге Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымда болатыны туралы ақпаратты ресми түрде ұсынды. Осыған сәйкес күнтізбе жасалды. Сондай-ақ ҚМДБ хатында күнтізбеге байланысты бұл күн ауысуы мүмкін екені туралы ескерту алдық, - деді Светлана Жақыпова Парламенттің бірлескен отырысының алдында.

Сондай-ақ ол 2 апта бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан хат алғанын жеткізді.

Біз Құрбан айт басталғанға дейін (ҚМДБ-дан) ресми хат алдық. Онда (Құрбан айттың) бірінші күні 16 маусым деп жазылды. Заңға сәйкес, бұл күн демалыс күніне тура келді, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар Құрбан айтта неге демалмағанына қатысты түсінік берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама