Оқу орнына 163 адам түскен
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларының қорытынды салтанатты іс-шарасы өтті. Оған академия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы, оқу орнының оқытушылары, түлектер мен олардың ата-аналары қатысты.
Іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, профессор-оқытушылар құрамына алғысын білдірді.
Офицерлерге жоғары талаптар қойылады. Бұл үлкен жауапкершілік. Погон киген адамдар мінсіз беделге, таза ар-ожданға және адалдыққа ие болуы керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдыңғы қатарында тұрған біздің орган үшін бұл әсіресе өзекті нәрсе. Жұмыстағы басты бағдар азаматтардың тұрмыс-тіршілігінің саулығы болуға тиіс, – деді ол.
Агенттік төрағасы жас офицерлерді бейімдеу кезінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Іс-шара соңында қатысушылар тыңдаушыларға арналған агенттікпен жасақталған тақырыптық аудиторияға барды.
Аудитория Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарында одан әрі қызметте қажетті теориялық және практикалық сабақтарды өткізу үшін қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келеді.
Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына қабылданғысы келген 546 үміткердің 163-і академияға түскен. Оның тек 50-і ғана ең жоғары балл жинап, академияға қабылданған.
Осылайша, академия түлектері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарын толықтырды.