Halyq Uni логотип
×

«Шошаңдап жүргені үшін бе»: Жұлдызай Дүйсенбиева атақ алғаны үшін өзін сынағандарға ренішін айтты

Бұл атақты 25 жыл өнерде жүрген еңбегіме алдым деп ойлаймын

 Халық үні 20.06.2024 | 22:50
«Шошаңдап жүргені үшін бе»: Жұлдызай Дүйсенбиева атақ алғаны үшін өзін сынағандарға ренішін айтты
фото: видеодан скриншот

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыздай Дүйсенбиева «Қазақстанның құрметті азаматы» атағы туралы айтып, бұл марапатқа қалай ие болғанын түсіндірді. Өнер иесі осы атағы үшін өзін сынға алғандарға реніш білдірді.

Жұлдызай Дүйсенбиева 25 жылдық еңбегін бағаламаған көрерменге деген өкпе-ренішін «ХабарLike» бағдарламасында айтты.

Атақ алғалы көп адамнан жақсы да, жаман да пікір естіп жатырмын. Жазылған пікірлерді ерінбей оқып шықтым. Арасында «Не үшін, вайн түсіріп, шошаңдап жүргені үшін бе?» дегендер де бар. Сонда олар менің 25 жылдық еңбегімді көрмеген кісілер болып тұр ғой. Шын мәнісінде, өнер адамдары атақ алса,«Бұларға не үшін береді?» деп сөйлейтіндер көп. Мысалы, мұғалімдер «біз бала оқытып жатырмыз» дейді, дәрігерлер де «біз адам емдеп жатырмыз» деп шығады. Біз де бұл мамандық бойынша білім алдық, өнерімізбен адамдарды рухани емдеп жүрміз. Сондықтан бұны да бір сала, мамандық ретінде қарап, лайықтыларын марапаттап тұру керек, – деді актриса.

Өнер иесі атақ алғанда ерекше әсерде болғанын жасырмады.

«Бұл атақты 25 жыл өнерде жүрген еңбегіме алдым деп ойлаймын. Әлдеқандай болып қалады екенсің. Өзіңде бір өзгеріс болады екен, әдемі жүргің келіп, ешкіммен ұрыспай... Құрысын, әзіл ғой, бұрынғы Жұлдызаймын. Десе де қазіргі тілмен айтқанда мотивация береді екен. Қанатыңа қанат қосып бергендей, үлкен жауапкершілік жүктеді. Мен мұны алатынымды білген жоқпын. Майра Ілиясова апайымыз ұсынған екен. Ол кісіге көп рахмет. Бірақ, халықтың «Біздің Жұлдызай әртіс» деген атағынан бағалысы жоқ, – деді Дүйсенбиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама