Halyq Uni логотип
×

Шымкентте Дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырған

Жымқырылған қаражаттың сомасы 15 млн теңгеге жуықтайды

 Дәурен Ерболат 20.06.2024 | 17:50
Шымкентте Дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырған
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласындағы Дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Басқарма Асанбай Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, бас бухгалтеріне қатысты 14,7 млн теңге болатын бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді, - деп жазды Дәурен Ерғарин  Facebook-тегі парақшасына.

Қалалық прокуратура істі сотқа жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама