Halyq Uni логотип
×

Теміртауда жастардан жеңілдетілген ипотека алуға өтінім қабылдана бастады

Қарыздың ең жоғары сомасы – 15 млн теңге

 Еркеғали Болатұлы 20.06.2024 | 15:15
Теміртауда жастардан жеңілдетілген ипотека алуға өтінім қабылдана бастады
фото: cbkg.ru

Теміртауда жұмыс істейтін жастарға тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие беруге өтініштер қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 28 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

«Теміртау жастары» тұрғын үй-ипотекалық бағдарламасы былтыр іске қосылған болатын. Бұл – Теміртау қаласы әкімдігі мен «Отбасы банкінің» бірлескен жобасы.

Жоба қалада кемінде 1 жыл тұрған және жұмыс істейтін жас мамандарды қолдауға бағытталған.

Бағдарлама шарттары:

  • Қатысушылардың жасы – 35 жасқа дейін;
  • Міндетті түрде қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауға тиіс;
  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 15 млн теңге;
  • Үміткерлерде қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде бастапқы жарнасы болуы керек;
  • Бұл ретте тұрғын үйді жылдық 6%-бен ресімдеуге болады;
  • Несие мерзімі – 8 жыл.

Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт жүйелерінің қызметкерлерінен, БАҚ, өндіріс, ЖОО және әлеуметтік сала өкілдерінен басқа, квазимемлекеттік сектордың коммуналдық кәсіпорындардың, ТЖМ, жолаушылар көлігі кәсіпорындарының, «Оқжетпес-Т» және «Қазпошта» компанияларының қызметкерлері де қатыса алады.

Тұрғын үйді бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлік нарығында сатып алуға болады.

Үміткерлер мына құжаттарды ұсынуы керек:

  • жеке куәлік;
  • азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (неке қию және балалардың туу туралы куәлігі – болған жағдайда);
  • өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама;
  • ресми бланкіде жұмыс орнынан анықтама (ресми бланкі болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуға тиіс);
  • еңбек өтілін растайтын құжат;
  • еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме;
  • мүгедектік туралы анықтама (бар болса).

Құжаттарды 28 маусымға дейін Жастар ресурстық орталығына тапсыру қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама