×

Қазақстанда шетелдік үш университеттің кампусы ашылады – министр

16 қыркүйекте Астанада британдық университеттің кампусы ашылады

 Ая Өміртай 20.06.2024 | 13:30
көрнекі фото: Halyq Uni

Алматы, Астана, Түркістан қалаларында шетелдік үш университеттің кампусы ашылады. Бұл жайында Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Биыл жаңа оқу жылында жаңадан шетелдік университеттердің 8 филиалы ашылады. Филиалдарды ашу – басым бағытымыздың бірі. Қазақстан әлемде теңізге шыға алмайтын ең үлкен мемлекет. Екінші жағынан, территориялық қонысымыз сауда жолдарының қиылысында болғандықтан үлкен ұтымдық береді. Мақсатымыз – Қазақстанды Еуразияның академиялық, зертеуші хабына айналдыру, шетелдік мықты брендтерді әкелу. Бұл аймақтың ерекшелігі 1 млрд-тан астам жас тұрып жатыр. Қазақстанда орта есеппен жылына 400 мың бала туады, Өзбекстанда 1 млн бала дүниеге келеді», - дейді министр.

Ведомство басшысы екі жыл ішінде салалық министрліктің 23 академиялық серіктестікке қол жеткізгенін атады. Сонымен қатар, Қазақстанда Британдық Ковентри  (CU) университетінің үлкен кампусы ашылатынын атап өтті.

Біріншісі Қазақстанда 3 шетелдік университеттің толыққанды кампусы ашылады. Шетелдік университеттер өз инвестициясымен, өз қаржысымен келіп жатыр. Біз оқуын британдық форматпен бастауға рұқсат бере бастадық. Арнайы Үкімет қаулысымен, бірінші Алматыдағы нысан британдық бакаклавр дәрежесін беруге рұқсат беріп отыр. Сонымен қатар, Корея президентінің сапары аясында Корея университетінің кампусы Түркістанда ашылады, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Министр университет филиалын бітірген түлектер аталған елдерде, Оңтүстік Кореяда жұмыс істей алатынын жеткізді.

Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл 16 қыркүйекте Астанада толыққанды Британдық университетінің кампусы, одан кейін Түркістанда Оңтүстік Кореяның Вусонг университетінің үлкен кампусы ашылмақ. Қазір Астанада аталған университеттің кампусына 8 гектар жер бөлінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама