×

Астанада жасөспірім дүкендерден киім ұрлап жүрген

Бірақ қылмыстық іс қозғалған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 20.06.2024 | 12:00
Фото: Halyq Uni

Астанада дүкеннен киім ұрлап жүрген жасөспірім анықталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оны Есіл ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру кезінде ұстаған.

Күдікті 16 жастағы жасөспірім болып шықты. Оның киім ұрлағаны туралы ақпарат сауда орталығының қызметкерінен келіп түскен. Ол полицияға дүкендегі киімдердің бірінен соң бірі жоғалып жатқанын айтып, соны тексеруді сұраған. Сатушының айтуынша, дүкенге ұрлықтың кесірінен 100 мың теңге шығын келген.

Осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары бейнекамера арқылы кәмелетке толмаған жасөспірімнің сауда залына келіп, өзін клиент ретінде көрсетіп, ұнаған киімдерді киіну бөлмесіне апарып, сол жерде киімдерге жапсырылған магниттерді шешіп тастап жүргенін анықтады. Содан кейін күдікті тауарды сөмкесіне салып дүкеннен шығып кетіп отырған. 

Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірім және оның заңды өкілімен әңгімелесіп, ұрлықтың түбі жақсылыққа апармайтынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама