×

Алдағы 10 күнде құрғақшылық болатын өңірлер аталды

Еліміздің батысында бірнеше күн бойы тұрған аптап ыстықтың беті қайтады

 Дастан Жұмабекұлы 20.06.2024 | 11:17
Фото: uralskweek.kz

«Қазгидромет» РМК қауіпті агрометеорологиялық құбылыстар туралы ескерту жариялады.

Сонымен бірге еліміздің 5 облысында, атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы мен Ұлытау облыстарында құрғақшылық болуы мүмкін екені хабарланды.

Алдағы 10 күнде Жамбыл облысында Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл, Рысқұлов аудандарында, Түркістан облысындағы Түркістан, Сайрам, Шардара, Жетісай аудандарында, Қызылорда облысындағы Арал ауданында, Алматы облысындағы Балқаш, Жамбыл аудандарында және Ұлытау облысында атмосфералық құрғақшылық болуы ықтимал, - делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Бүгін Алматы қалаcында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің батысында бірнеше күн бойы тұрған аптап ыстықтың беті қайтады. 22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, жаңбыр жауады. Сол кезде найзағай ойнап, кейбір өңірде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, қатты дауыл соғады. Ал еліміздің оңтүстігіндегі таулы жерлерде күндізгі конвекция әсерінен әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама