Петропавлда шенеунік 7,5 млн теңге үшін күдікке ілінді (ВИДЕО)

Дастан Жұмабекұлы

Бұл ақша тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге бөлінген еді

Фото: видеодан кадр

Петропавлда әкімдікке қарасты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

Антикордың мәліметіне қарағанда, «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Лауазым иесі кәсіпкерлермен алдын ала келісіп, тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.