Halyq Uni логотип
×

«Түлектер бір сағат ұйықтады»: Қызылордада ҰБТ кезінде жарық сөніп қалды

70 түлектің тестілеуден өтетін уақыты кейінге қалды

 Айнұр Шошаева 19.06.2024 | 15:46
«Түлектер бір сағат ұйықтады»: Қызылордада ҰБТ кезінде жарық сөніп қалды
скриншот: видео

Қызылордада ҰБТ кезінде жарық сөніп қалып, 70 түлектің тестілеуден өтетін уақыты басқа күнге ауыстырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл жағдай туралы редакцияға тест тапсыруға кірген оқушылардың ата-анасы хабарлады.

«Бүгін Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Жалағаш сияқты бірнеше ауданынан келген оқушылар ҰБТ тапсырды. Оқушылар тест тапсыруға кірген соң 15 минуттан соң электр энергиясы өшіп қалды. Жарық қосылған кейін шамалы уақыттан соң қайтадан өшті. 15 минуттан соң жарық қайтадан сөніп, балалар 1 сағаттан аса сонда отырды. Олар ұйықтап отырған. Содан бір қыз «бұл не болды?» деп шу шығарған соң 70 баланы шығарды. Тест орталығы мен білім басқармасынан ешкім келіп, мәселенің мән-жайын түсіндірген жоқ. Ата-аналардың сұрағына жауап беретін ешкім жоқ. Тек күзетшілер жүр», - деді Мәриям Мырзахметқызы.

Оның айтуынша, 70 түлекке ҰБТ-ны 22 маусымда келіп тапсыратыны туралы айтылған. Алайда ата-аналар бұған наразы.

Ұлттық тестілеу орталығы бұл ақпаратты растады.

Техникалық ақауларға байланысты 70 баланың тестілеуі 22 маусым 2-ші лекке ауыстырылды, - делінген мекеме ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама