Атырау облысында мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы сотталды (ВИДЕО)
Сот оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді
Атырау қаласының №2 соты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы С. Джабасовқа қатысты үкім шығарды.
Сот үкімі бойынша С. Джабасов кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталып, өндірісте қайтыс болған 2 қызметкерге қатысты қозғалған қылмыстық қудалауды тоқтатып, лауазым иелеріне пара бергісі келгені үшін сотталды.
Соттың шешімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Алдын алу шаралары аясында процеске онлайн режимде еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.