Елде жанар-жағармай және газ тұрақты жеткізіле бастады. Баға қалай өзгерді

Халық үні

Энергетика министрлігі жанар-жағармай құю станцияларының жұмысы туралы айтты

фото: ашық дереккөзден

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның қауіпсіздік жағдайы тұрақты аудандары мен қалаларында жанар-жағармай станциялары жұмыс істей бастады.

Жанар-жағармай және сұйытылған газды жеткізу тұрақтандырылды. Мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, – деді Энергетика министрлігі.

МИТИНГ «ГАЗДАН» БАСТАЛДЫ

2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары шеруге шықты. Бұған автокөлікке құятын газ құнының литріне 120 теңгеге дейін қымбаттауы себеп болды. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалады деп уәде берді. Маңғыстау облысында басталған акциялар елдің өзге өңірлерінде де жалғасты. 

ГАЗ БАҒАСЫ ӨЗГЕРДІ МЕ

Бүгін сұйытылған мұнай газына шекті бөлшек баға бекітілді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап 180 күнге ел аумағындағы автогаз құю станцияларында көліктерге құятын сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасын (қосымша құн салығын есепке алғанда) мынадай деңгейде бекітті:

Тауарлық нарықтың географиялық шекарасы

Алыс аудандарды алып тастағанда шекті бөлшек баға, теңге 1 литрге

Облыс орталығынан алыс аудандар үшін (200 шақырымнан көп) шекті бөлшек баға, теңге 1 литрге

Нұр-Сұлтан қ.

70

-

Алматы қ.

65

-

Ақтөбе облысы

50

55

Атырау облысы

50

55

Ақмола облысы

70

75

Алматы облысы

70

75

Шығыс Қазақстан облысы

60

65

Жамбыл облысы

60

65

Батыс Қазақстан облысы

60

65

Қостанай облысы

70

75

Қызылорда облысы

60

65

Қарағанды облысы

70

75

Маңғыстау облысы

50

55

Павлодар облысы

70

75

Солтүстік Қазақстан облысы

70

75

Түркістан облысы

60

65

Шымкент қ.

60

-