×

Павлодарда полицейлер жүзден аса казино сайтты бұғаттады

Былтыр өңірде құзырлы органдар 600 интернет-ресурсты анықтап, оның жартысынан көбін жапқан

 Дастан Жұмабекұлы 19.06.2024 | 14:38
Фото: gov.kz

Павлодар облысында полицейлер заңсыз ойын бизнесімен айналысқан жүзден аса казино сайтты бұғаттады.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жоламан Қиналбековтің айтуынша, былтыр өңірде құзырлы органдар 600 казино сайтты анықтап, олардың жартысынан көбін бұғаттаған. Ал жыл басынан бері тағы 100 сайт анықталған.

Бұрын қалада ойын терминалдары мен лото-клубтар көп болатын. Биыл ақпаннан бастап олардың барлығы жабылды. Енді интернет казино сайттары көбейіп кетті. Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру  департаменті өңір бойынша ғана емес, бүкіл елде тіркелген сайттарды іздеп, бұғаттайды, – деді Жоламан Қиналбеков. 

Оның айтуынша, құмар ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер табысы 1 000 АЕК-тен асса, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жазаланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама