Атасы сақшыларға алғыс білдірді
Түркістан облысында полицейлер 7 айлық нәрестені аман алып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыс орталығының Әмір Темір көшесінде күнделікті қызметте жүрген сақшыларға егде жастағы жүргізуші келіп, немересіне дем жетпей жатқанын айтқан. Мұны естіген полицейлер бірден көмек көрсетуге асықты. Көлік ішінде ауа жетпей, көгеріп жатқан шақалақ пен анасы отырған.
Әріптесім Сламхан Серікбай екеуміздің жүгіріп жүргенімізді көрген тұрғындардың бірі өзінің дәрігер екенін айтып, қасымызға келе қалды. Абырой болғанда балаға алғашқы көмек көрсетіп үлгердік. Одан әрі анасымен бірге ауруханаға жылдам жеткіздік, – деді Бауыржан Ілес.
Атасы сақшыларға алғыс білдірді.