×

Астанада алтын сақиналарды ұрлаған күдікті ұсталды

Әйел ұрланған затты ломбардқа тапсырған

 Дастан Жұмабекұлы 19.06.2024 | 13:57
Фото: polisia.kz

Астанада сауда үйінен алтын сақиналарды ұрлаған күдікті әйел ұсталды.

Polisia.kz-тің мәліметіне қарағанда, полицияға қала тұрғыны хабарласып, зергерлік дүкеннен белгісіз адамның алтын сақиналарды ұрлап кеткенін айтқан. Бұл оқиға Астанадағы сауда үйлерінің бірінде болған.

Кейін белгілі болғандай, 37 жастағы әйел зергерлік бұйымдар сататын бутикке барып, сатушыдан сақиналарды көрсетуді өтінген. Әйел өзін қызықтырған сақиналарды көргеннен кейін, сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсеткенін пайдаланып, 3 алтын сақинаны ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Келтірілген материалдық шығын 340 мың теңгеге жуық болған. Әйел ұрланған бұйымдарды ломбардқа тапсырып үлгерген.

Күдіктіні іздестіру кезінде Байқоңыр ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қала тұрғынын анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазір әйелдің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама