Halyq Uni логотип
×

Баласына 6 млн теңге алимент төлемей жүрген ер адам ұсталды

Қылмыстық іс қайта қаралу үшін сотқа жолданды

 Дастан Жұмабекұлы 19.06.2024 | 13:10
Баласына 6 млн теңге алимент төлемей жүрген ер адам ұсталды
Фото: gov.kz

Баласына 6 млн теңге төлемей, жауапкершіліктен қашып жүрген Маңғыстау облысының тұрғыны Қостанай қаласында ұсталды.

Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарлауынша, Жаңаөзен қаласының алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық іс сотқа жолданған.

Айыпталушы сотқа келуден жалтарған. Сондықтан қала прокурорының өтінішімен бұлтартпау шарасы қамаққа алуға өзгертіліп, борышкерге іздеу жарияланды.

Борышкерді іздестіру шаралары нәтижесінде ол Қостанай қаласынан табылып, қамауға алынды. Қазір алимент бойынша берешегі толық өтелді. Қылмыстық іс қайта қаралу үшін сотқа жолданды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Жетісу облысында баласына алимент төлемей жүрген борышкерлер 150 млн теңгені құмар ойынға салып жіберсе, Солтүстік Қазақстан облысында алименттен жалтарған 36 ата-ана қамалды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама