×

Лауреатқа – 1 млн теңге: жастарға арналған жаңа байқау жарияланды

Әр номинация бойынша 2 жеңімпаз таңдалады

 Еркеғали Болатұлы 19.06.2024 | 11:35
фото: Данияр Бейсембаев

Қазақстанда жас мамандар арасында Jas Kenes Siylygy байқауы жарияланды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Байқау президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат – жас мамандарды қолдау және ынталандыру.

Байқауға 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер 7 номинация бойынша қабылданады. Олар Janqiarlyq, Altyn jürek, Önerkäsıp, Bolaşaq turaly qamqorlyq, Adamgerşılık, Kömek qoly және Bızdıñ üi деп аталады.

Негізгі ақпараттан басқа, үміткерлер ұсыныс пен мотивациялық хат ұсынуы керек. Іріктеуден кейін сыйлықтың құрылтайшыларымен сұхбат өткізіледі. Соның нәтижесінде әр номинация бойынша 2 жеңімпаз таңдалады. Ал Jas Kenes Siylygy лауреаттары 1 миллион теңге сыйақы алады.

Jas Kenes Siylygy жобасының басқа конкурстардан айырмашылығы, басшылар мен топ-менеджерлер қатыса алмайды. Жобаның мақсатты аудиториясы – жас мамандар. Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды экономикалық салаларда жұмыс істейтін, күнделікті еңбегі көптеген отандастар үшін жиі көзге түспейтін жас қазақстандықтарды көтермелеу мақсатында беріледі, – дейді кеңестің мүшесі Әділ Құсманов.

Байқауға өтінім қабылдау 18 маусымнан 21 шілдеге дейін жалғасады. Оны Jaskenes.kz/application сайтында беруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама