Олар қаңтар оқиғасының белсенді қатысушыларымен байланыста болған
3 өңірде кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою үшін арнайы операция ұйымдастырды
Биыл 17 маусымда Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, оның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Топ мүшелерінің қаңтар оқиғасының белсенді қатысушыларымен байланысы бары анықталды.
Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан аса іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.