×

Газдың бағасы бақылауда болады – Энергетика министрі

Заң жобасы Парламент Мәжілісіне жолданады

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2022 | 14:10
фото: qazaqstan.tv

Бүгін Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов 180 күн өткен соң сұйытылған газдың бағасының қалай реттейтінін айтты.

Оның айтуынша, министрлік Парламент Мәжілісіне сұйытылған газдың ішкі нарықтағы бағасын мемлекет тарапынан реттеуге берілген 180 күндік мерзім аяқталғаннан кейін шекті бағаны бекітіп, тиісті заң жобасын ұсынады.

«2022 жылдың қаңтарында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газының бағасын реттеуге 180 күн белгілеген болатын. Осы 180 күн өткеннен кейін бағаның күрт өсуін болдырмау үшін Энергетика министрлігі Мемлекеттік кірстер комитетімен бірге ішкі нарықта сатылатын сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауды қолға алады», - деді ол газ саласын дамыту туралы жасаған баяндамасында.

Сонымен бірге ол ведомствоның «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға түзетулер пакетін әзірлегенін, соған байланысты Энергетика министрлігіне сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасын белгілеу құзыретін беру мәселесі қарастырылатынын атап өтті.

«Тиісті түзетулер әзірленіп болған соң Парламент Мәжілісіне жолданады», - деді Болат Ақшолақов.

6 қаңтарда  Үкімет еліміздің барлық өңірінде газдың шекті бағасын бекіткен болатын. Шекті баға 180 күнге белгіленген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды: соңғы мәліметтер жарияланды

Бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда тағы да 4 балдық жер сілкінісі болды
08.02.2023 | 07:50

Түркияда үйінді астынан кішкентай қыз 7 сағаттан соң еңбектеп шықты

Кішкентай қыздың құтқарушыларға қарай еңбектеп келе жатқаны видеоға түсірілген
08.02.2023 | 06:45

Ақмола облысында 23 жастағы жігіт өзін-өзі атып тастады

23 жастағы жігіт өз үйіндегі қорада аңшы мылтығымен өзін-өзі атып тастаған
08.02.2023 | 00:50

«Қазақстанда 9 балға дейін жететін жер сілкінісі болуы мүмкін»: сейсмолог қауіпті аймақтарды атады

Шығыс Қазақстан облысынан Қызылорда облысына дейін сейсмикалық қауіпті аймақтар бар, ол жерде дүмпулер 7-9 балға дейін жетуі мүмкін.
07.02.2023 | 23:55