Halyq Uni логотип
×

Астананың екі тұрғыны 8 млн теңгенің теледидарларын ұрлаған

Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 18.06.2024 | 13:58
Астананың екі тұрғыны 8 млн теңгенің теледидарларын ұрлаған
Фото: polisia.kz

Елордада полицейлер мекемеден плазмалық теледидар ұрлаған қаланың 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының ПБ полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 2 азаматты анықтады. Олар 24 және 25 жастағы елорда тұрғындары болып шықты. Ер адамдар мекеменің бірнеше ай бойы жұмыс істемей тұрғанын байқап, түнде ғимарат есігін бұзып ашып, 8 дана «LG» және «Sumsung» теледидарларын алып шыққан. Осылайша, мекемеге 3 млн теңге материалдық шығын келтірген. Ұрланған техниканы ломбардқа өткізген.

Жедел қызметкерлер қылмыскерлердің теледидар ұрлаудың тағы бір фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама