Үкімет басшысы биыл жаз ыстық болатынын айтып, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Балалардың су каналдарында қаза табу жағдайы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында көп тіркеледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Үкімет басшысының айтуынша, оңтүстіктегі суару каналдары адамдарға қауіп төндіріп отыр.
Каналар мен арықтардың көпшілігінде қоршаулар жоқ. Осыдан бірінші кезекте балалар зардап шегеді. Әсіресе, балалардың каналдарда қаза болу жағдайлары Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында көп тіркеліп отыр. Осыған байланысты аталған әкімдіктер каналдар мен арықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін шешуге тиіс, - деді Бектенов.
Айтуынша, республикадағы су айдындарында суға кеткен адамдар саны азаймай тұр. Жылына шамамен 200-300 адам адам суға кетеді, оның 100-і – бала.
Жаз енді басталды. Су айдындарында қайтыс болғандардың, әсіресе балалардың саны көбейіп жатыр. Суға шомылу маусымы басталғалы 20 бала қаза тапты, - деді премьер-министр.
Сондай-ақ Үкімет басшысы қайғылы оқиға тіркелген өңірлерге тоқталды:
Олжас Бектенов мұндай жағдайдың күн сайын тіркеліп жатқанын айтып, шенеуніктерге тапсырма берді.
«Өңірлердегі әкімдіктері осы бағыттағы профилактикалық жұмысты күшейткені жөн. Жүргізілетін патрульдеу санын көбейту қажет. Полиция және ТЖМ қызметкерлері су айдындары маңында балалардың ересектердің қарауынсыз жүру фактісінің жолын кесу керек. Негізінен адамдар суға түсуге арналмаған учаскелерде суға кетіп жатады. Қазір еліміз бойынша суға түсуге арналған 708 орын бар», - деді ол.
Үкімет басшысы биыл жаз ыстық болатынын ескертіп, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.
«Қазгидромет» елдің батысында, шығысында және оңтүстігінде жаздың ыстық болатынын болжап отыр. Осыған байланысты өзендер мен көлдерде демалушылар саны артады деген болжам бар. Бұған дайын болу керек, - деді Олжас Бектенов.
Енді министрлік атқарушы органдармен бірлесіп мобильдік бекеттер санын ұлғайтуы қажет. Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.
Оларға суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету бойынша, суға шомылуға арналған және қауіпті орындар туралы ақпаратты жұртшылық назарына жеткізу бойынша тапсырма берілді. Бұл жұмысқа Ақпарат министрлігі қосылуға тиіс.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жыл сайын елімізде 100-ге жуық адам суға батып, көз жұматынын айтты.