Оралда ер адам өз-өзіне қол жұмсады
Былтыр Батыс Қазақстан облысында 10-нан астам адам несие төлей алмай, бақилық болған
Орал қаласында 59 жастағы ер адамның өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 17 маусымда болған.
Ер адамның денесі кешкі сағат 17:50-де табылды. Ол 1965 жылы туған. Қазір марқұмның не себепті өз-өзіне қол жұмсағаны анықталып жатыр.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жалпы, былтыр Батыс Қазақстан облысында 10-нан астам адам несие төлей алмай, өз-өзіне қол жұмсаған.