Halyq Uni логотип
×

Жыл сайын Қазақстанда шамамен 100 адам судан көз жұмады – ТЖМ

Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған орындарда болған

 Дәурен Ерболат 18.06.2024 | 11:03
Жыл сайын Қазақстанда шамамен 100 адам судан көз жұмады – ТЖМ
Фото: Halyq Uni

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жыл сайын елімізде 100-ге жуық адам суға батып, көз жұматынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл сайын жүздеген адам суға батып, қаза тауып жатыр. Олардың басым бөлігі жазда болады. Жыл басынан бері 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті, - деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, суға батып кеткендердің 95%-ы тыйым салынған орындарда шомылған. Сондай-ақ өткен жылдармен салыстырғанда, қазір адам өлімі көрсеткіші төмендеген.

«Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылдаған шаралары өзінің нәтижесін көрсетті. 2020 жылдан бері суға кеткен адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін демалыс маусымында суға шомылудың бірнеше маңызды қауіпсіздік ережелері айтылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама