«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауына 3 мыңнан аса отбасы қатысады
Конкурс жеңімпаздары 1 миллион теңгеден алады
«Мерейлі отбасы-2024» конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстанның ең үлгілі отбасы атағына 3 369 үміткер қатысуға ниет білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, өтінімдердің басым бөлігі Қарағанды, Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда қабылданған. Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары тұрғындарының белсенділігі төмен болды.
Өтінімдер тек қатысушылардың атынан ғана берілмеді. Ұйымдар мен еңбек ұжымдары 1 482 отбасын ұсынған.
Дәстүр бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында өткізіледі. Жеңімпаздар 1 миллион теңгеден алады.
Айта кетсек, 10 жыл ішінде ұлттық байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.