Олар Жарма ауданында 26 жылқыны ұрлады деп айыпталып отыр
Абай облысында полицейлер малға салынған чиптің көмегімен ұрлықпен айналысқан 2 адамды анықтады.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қалбатау-Семей тасжолында автокөліктерді тексеру кезінде Жарма ауданы тұрғынының көлігінен сойылған малдың еті табылды. Оның жанында тағы бір адам болған.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар Жарма ауданында 26 жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген.