×

Мешіт айналасын тазалап жүрген әйел Меккеге жолдама алды

Ер адам сатушының арманын орындап, сый жасады

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2022 | 13:38
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде қажылыққа жолдама алған әйелдің видеосы тарап жатыр.

Видео Instagram желісіндегі qonaq.hajj парақшасында жарияланған. Онда белгісіз ер адамның дүкеннің сатушысына қажылыққа жолдаманы сыйлаған сәті түсірілген.

Бейнежазбада сатушы әйел дүкенге келген ер адамға қажылыққа баруды бұрыннан бері армандап келе жатқанын, алайда материалдық жағдайына байланысты Меккеге бара алмай жүргенін айтып, одан өзі үшін дұға жасауын ғана сұраған. Сол жерде ер адам әйелді ойламаған жерден қуантып, оның қолына қажылыққа жолдаманы ұстатады.

Осыдан кейін әйел жолдаманы алғанына қуанып, өз-өзіне сенбей, көз жасын тыя алмайды.

Бұл игі іс «Қонақ» атты жоба аясында жасалғаны белгілі болды. Жоба ұйымдастырушылары Меккеге баруды армандап жүрген жағдайы нашар адамдарға көмектесуді мақсат етіп келеді.

«Апайымыз 15 жыл бойы мешіттің тазалығына жауап беріп келе жатыр. Екі ұлы бар. Біреуін қари қылып тәрбиелеп, оқытып, өсірді. Кейіннен оны Нұр-Мубаракка түсірді. Апайымыз материалдық мұқтаждығына қарамастан садақасын әрдайым үзбейді. Ақшамен болса да, кітаппен болса да... Алланың қалауымен бірінші қонақ осы жылы үлкен қажылыққа аттанады», - делінген видеоға түсініктеме берілген жазбада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама