Halyq Uni логотип
×

Мектепке дейінгі ұйымдардан мыңнан аса педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Бағдарлама арт-педагогикалық технологиялар бойынша құрастырылған

 Динара Амантай 18.06.2024 | 10:10
Мектепке дейінгі ұйымдардан мыңнан аса педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы алғаш рет мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуда арт-педагогикалық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курстарын бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл курсқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінен 1 мыңнаннан аса педагог қатысады.

Курстың бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеуде арт-педагогика әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге арналған.

Артпедагогика – мектепке дейінгі балалардың сөйлеу және коммуникативтік дағдыны дамытудың инновациялық әдістерінің бірі. Балалардың қарым-қатынасының басым аспектісі ойын болғандықтан, арт-педагогикалық технологиялардың ішінде, әсіресе ертегі, кітап, музыка, ойын, би, сурет терапиялары маңызды. Бүгінде курста 669 педагог оқып жатыр, – деді «Өрлеу» басқармасының төрағасы Айдана Шилибекова.

Бағдарлама оқытудың әртүрлі әдістерін, түрлерін, оның ішінде практикалық жұмыс пен талқылауды, кейстерді талдауды, көшпелі практикалық сабақтарды ұйымдастыруды көздейді. Курс бойынша оқу биыл қарашаның соңына дейін өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама