Halyq Uni логотип
×

Аққулар балапан басып шығарды: Талдыкөлдің қазіргі бейнесі (ФОТО)

Көлге жаяу не көлікпен жету мүмкін емес, арнайы жол салынбаған

 Гүлбаршын Нұрхан 17.06.2024 | 17:05
Аққулар балапан басып шығарды: Талдыкөлдің қазіргі бейнесі (ФОТО)
Фото: Halyq Uni / Жансерік Күзембай

Астанада Талдыкөлдегі аққулар балапан басып шығарды. Halyq Uni тілшісі көлге барып, ғажап көріністің куәсі болып қайтты.

Дәл қазір Талдыкөл көлінің бетінде жүрген бірнеше аққу мен олардың көгілдірін байқауға болады. 

Көлге жаяу не көлікпен бару мүмкін емес, арнайы жол салынбаған. Аққуларды жақыннан бақылауға балшық пен суды кешіп өту керек. Ал ыңғайлы болуы үшін етік киіп барған дұрыс. Сондай-ақ қазір жерді құрғату, тегістеу жұмыстары жүріп жатыр.

Одан бөлек, көлде шағала мен үйректер жүр. 

Талдыкөл маңында зират бар. Ашық дереккөзде көлдің жанында орналасқан тарихи Омар және Башан зираттары екені айтылады.

2023 жылы Астанада 2035 жылға дейінгі бас жоспар жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жиында «Астана қаласындағы қоршаған орта жағдайының базалық сценарийі және оның 2035 жылға дейінгі өзгеру болжамы» есебін әзірлеген Анатолий Пинигин Талдыкөл көлінің бөлінген бөліктерін қосуды ұсынды. Ол Талдыкөлді әрі қарай тереңдетуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл су басу қауіпін сейілтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама