×

Есірткі сатушы 10 жылға сотталды (ВИДЕО)

Оның кінәсі дәлелденді

 Дәурен Ерболат 17.06.2024 | 12:52
Фото: baigenews.kz

Алматыда есірткі сатушы соттың үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Былтыр қыркүйекте Алматы полициясы ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігітті ұстаған еді.

Түнгі сағат 03:00-де біздің бөлімшенің жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасағы күдіктіні ұстады. 1996 жылы туған Р. атты жігіт түнгі клубқа келушінің атын жамылып, есірткі таратумен айналысқан. Оны тінту барысында құрамында синтетикалық заты бар, ашық түсті, ұнтақ түріндегі байлам табылды, шөп тәркіленді. Олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша тіркелді, - деп жазылған қалалық есірткіге қылмысына қарсы күрес басқармасы таратқан хабарламада.

Соттың үкімімен 28 жастағы Р. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 6-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама