Алматыда өзгенің туындысын сатып жүрген «композитор» ұсталды
Ол шығарманы бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген
Алматы қаласы Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі 30 жастағы ер адамның ұжымдық арызбен жүгінген бірқатар музыкантқа қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін мәлім етті.
Азаматтардың арызынан белгілі болғандай, 30 жастағы Ы. есімді азамат өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген.
Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.