Павлодар тұрғыны ер адамды аулада жұрттың көзінше пышақтап тастаған
Күдікті қамауға алынды
Павлодар тұрғыны күндіз үй ауласында ер адамды жұрттың көзінше пышақтап тастаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті ұсталып, Павлодар қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, – делінген полиция хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.