×

Таразда шұңқырға құлаған көлікте тұтас бір отбасы зардап шекті (ВИДЕО)

Мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Еркеғали Болатұлы 17.06.2024 | 11:09
фото: видеодан скриншот

Тараз қаласында 4 адам мінген көлік қаланың қақ ортасында шұңқырға құлап кетті.

Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 16 маусымда кешкі сағат 17:50-де Төле би даңғылында болған. «Лексус RX300» маркалы көліктің жүргізушісі «Кіруге тыйым салынады» және «Жөндеу жұмыстары» деген жол белгілеріне қарамай, жолдың жабық учаскесіне кіріп кеткен. Ал ол жерде магистральдық құбыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Қазылған шұңқыр қоршауға да алынбапты.

Құлаған көліктің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Салдарынан жүргізуші, оның әйелі және кәмелетке толмаған 2 баласы зардап шеккен. Мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп мәлімдеді полицейлер.

Көлік жүргізушісі де жол белгілерін елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама