×

Астанада баспана алмақ болған тұрғындар ақшасынан айырылды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 17.06.2024 | 11:02
Фото: polisia.kz

Астанада тұрғындарға баспана алуға көмектесуге уәде берген алаяқ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысты деген күдікпен елорданың 32 жастағы тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, әйел ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға тілек білдірушілерге көмектесуге уәде берген. Ол азаматтарға пәтер сатып алуға жәрдемдесетінін жеткізіп, сенімді байланыстары бар екенін айтқан.

Бүгінде полицияға алданып қалған 4 азамат жүгінген. Жәбірленушілердің бірі алаяқтың баспана алу құжаттарын қабылдауды тездету жөніндегі сөзіне сеніп, оған 1 миллион 750 мың теңге төлеген. Тағы бір жағдайда әйел дәл осылайша 3 миллион теңгеге жуық шығынға батқан. Пәтерлерді алу мәселесі күмән тұдырған соң, зардап шеккендер оны күтпестен полицияға хабарласқан. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің осыған ұқсас басқа қылмыстарды жасауға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама